19 нау, 2021 сағат 10:01

Биыл 19 мың шақырым жол аспапты диагностикадан өтеді

Елімізде жолдардың сапасын аспаптық зерттеудің цифрландырылған ақпараттық жүйесі сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жүйе биыл ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткеннен кейін, өнеркәсіптік пайдалануға берілмек. Жол активтерін басқару жүйесі – жіті жүргізілген аспапты зерттеу деректері бойынша жөндеуге қажетті инвестиция көлемдерін болжайтын арнайы жетілдірілген ақпараттық жүйе», - деп жазады министрліктің ресми сайты. 

Енді жолға жауапты мамандар осы жүйенің көмегімен жолдағы ақауларды ерте бастан жойып, соның арқасында күрделі шығындардың алдын аламыз деп отыр. 

Аталмыш ақпараттың жүйе көшпелі зертханалардың көмегімен жол жағдайын аспаптық зерттеуге мүмкіндік береді. 

«Биыл республикалық маңызға ие жолдардың 19 мың шақырымы аспапты диагностикадан өткізіледі. Зерттеу құны 1,5 млрд теңге. Болашақта диагностикалау жұмыстарымен жергілікті маңызы бар жолдарды қамту жоспарланып отыр», - делінген ресми ақпаратта.