Қазақстанда жыл басынан бері есірткі дайындайтын 7 зертхана жойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«10 айдың ішінде полиция қызметкерлері заңсыз есірткі саласында 1950 қылмысты анықтады. Оның ішінде өткізу фактісі 1123, ал контрабанда фактісінің 87 фактісі тіркелді. Тіркелген есірткінің көлемі 3 тоннаға артқанын көріп отырмыз (19,5 тоннадан 22,5 тоннаға дейін). Сондай-ақ тәркіленген есірткінің 90 келісі синтетикалық түріне жатады», - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ІІМ-нің онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, алты есірткі сататын топтың жолы кесіліп, осы топтардың бес басшысы мен ұйымдасқан қылмыстың топқа мүше 21 мүшесі жауапқа тартылған. Оларға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалған.
«7 есірткі зертханасы жойылып, олардан дайын есірткінің 65 келісі мен 140 литрпрекурсор тәркіленді. «Қара нарықта» олардың құны 1 миллиард теңгеге жетеді», - деді ол.