Соңғы сауда сессиясында биткойнның бағасы 5,65% өсіп, $50,645 мыңға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Осылайша криптовалюта бағасы тарихи максимумды жаңартып отыр.
Айта кетсек, биылғы жылдың 9 ақпанында биткойнның бағасы $ 47 000 доллардан асып, тарихи максимумға жеткен еді.
Әлемдегі ең көп таралған криптовалюта бағасының өсуі Tesla компаниясының жалпы сомасы $1,5 миллиард болатын Биткойнді сатып алуына байланысты делінеді. Оны компания ұсынатын қызметтер үшін төлем ретінде пайдалануға ниетті.