22 ақп, 2021 сағат 05:26

Биткойн бағасы тағы да қымбаттады

Биткойн бағасы сауда сессиясы кезінде 1,97%-ға, 58,1 мың долларға қымбаттады. Бұған Coindesk порталының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осылайша криптовалюта бағасы тарихи максимумды жаңартып отыр.

Әлемдегі ең көп таралған криптовалюта бағасының өсуі Tesla компаниясының жалпы сомасы $1,5 миллиард болатын Биткойнді сатып алуына байланысты делінеді. Оны компания ұсынатын қызметтер үшін төлем ретінде пайдалануға ниетті.

Биткойн – кез келген қолданушы, жүйе қатысушысы «өндіре» (айналысқа шығара) алатын блокчейн технологиясы негізіндегі өзі аттас криптовалютаның орталықсыздандырылған жүйесі. 

Жүйе концепциясын 2008 жылдың қарашасында оның авторы (мүмкін авторлар ұжымы) Сатоси Накамото жариялады. Биткойнның танымалдылығы кейінгі жылдары артты. Биткойнның эмиссиясы табиғи жолмен шектелген, қазіргі күні биткойнның бір бөлігі «өндірілген».

Айта кетсек, 9 ақпанда биткойнның бағасы $ 47 000 доллардан асып, тарихи максимумға жеткен еді. Одан кейін 50 мың доллардан асты.