Биткоин бағасы алғаш рет 60 мың долларға жетті, деп хабарлайды Euronews.
Сарапшылар мұны АҚШ Конгресінің 2 триллион долларға жуық «Америкалық құтқару жоспарын» қабылдауына байланысты жұрттың оптимизмі деп түсіндіреді.
Соңғы үш айда әлемдегі ең танымал криптовалюта рекордты қайта-қайта жаңарып отырды. Желтоқсанның ортасында оның құны 20 мың доллар болса, қаңтар айының басында – 30 мың, ақпанның ортасында 50 мың доллар болды.