Бішкектің травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы мен Ұлттық госпиталіне қаладағы оқиғалардан зардап шеккен 75 адам жеткізілді. Құрбан болғандар жоқ.
Бұл туралы Қырғызстанның Кабар агенттігі Бішкек қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап мәлім етті.
Зардап шеккендердің арасында 46 адам - құқық қорғау органдарының өкілі.
Еске салайық, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.
Ал, бүгін, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Бішкек уақытымен сағат 22.00-дегі мәлім бойынша, ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілген.
Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.
Кейін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ертең, 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан барлық 16 партия басшысымен кездесетіні мәлім етілді.
Айта кетейік, елдің Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің соңғы нәтижесін сайлаудан кейін 20 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс.
Сондай-ақ бүгін Бішкекте наразылық білдірушілер Ақ үйдің аумағына басып кіргендігі хабарланды.
Ал Ақ үйден шыққан өрт жергілікті уақытпен сағат 7:46-да сөндірілді.