13 мам, 2024 сағат 19:56

«Бишімбаев бұл жасына дейін өмір сүретіні екіталай» - Нүкенованың ағасы


Фото: Tengrinews.kz видеосынан скрин


Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жаза туралы ойын айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


"Бұл біз шамамен болжаған мерзім болды. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталумен тең. Түрмедегі жағдайды ескерсек, ол бұл жасына дейін өмір сүретіні екіталай", - дейді Айтбек Амангелді. 


Еске салайық, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Үкім бойынша Бишімбаев 24 жыл, Байжанов 4 жылға жаза кесті.