10 там, 2016 сағат 23:22

Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан жеңілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Біржан Жақыпов келесі кезеңге өте алмады.

Өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірген отандасымыз үш раундқа созылған тартысты бәсекеде 30:27 есебімен қарсыласына жол берді.

Алғашқы жекпе-жегінде ол намибиялық Маттиас Хамуньелды айқын басымдылықпен ұтқан болатын.

Ұлт ақпарат