08 там, 2016 сағат 23:56

Біржан Жақыпов намибиялық боксшыны жеңді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Біржан Жақыпов алғашқы жекпе-жегінде намибиялық Маттиас Хамуньелды айқын басымдылықпен ұтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде қазақ боксшысы өз әлеуетінің қарсыласынан мықты екенін дәлелдеді. 

Енді Біржан келесі айналымда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіреді. Екі боксшы бұрын өзара үш рет кездесіп, оның екеуінде жерлесіміз жеңсе, біреуінде жеңіліс тапқан екен. 

32 жастағы отандасымыз Олимиада ойындарына осымен үшінші рет қатысып отыр. Бұл жолы жүлделі орынға қол жеткізеді деп сенеміз.

Ұлт порталы