Фото: Jagdai/telegram
Өскемен қаласының тұрғыны тұрғынүй подъездіне кіретін есікті ұстаған сәтте тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Jagdai telegram арнасының жазуынша соққы күшті болғаны соншалықты, жас жігіт бірнеше метрге ұшып кетіп, жүрегі бір сәт тоқтап қалған. Зардап шеккенді ауруханаға жеткізді.
Тұрғындардың айтуынша, домофонмен жабдықталған есік шамамен бір ай бойы ток беріп тұрған, бірақ ешқандай шара қолданылмаған.
Ақпарат әкімдікке жеткізілді. Мамандар есіктің үстіндегі прожектор шамынан токтың шыққанын анықтады. Шамды өшіріп, қауіпті жойды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
