27 нау, 2023 сағат 12:38

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліске кімдер өтті?

Фото: informburo.kz

Орталық сайлау комиссиясы бірмандатты округтер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған кандидаттардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ОСК қорытындысы бойынша өз округтерінде ең көп дауыс жинағандар:

1) Астана қаласы, №1 сайлау округі бойынша - Дәулет Болатұлы Тұрлыханов;

2) Астана қаласы, №2 сайлау округі бойынша - Дәулет Төлеутайұлы Мұқаев;

3) Алматы қаласы, №3 сайлау округі бойынша - Ермұрат Сейтқазыұлы Бапи;

4) Алматы қаласы, №4 сайлау округі бойынша - Ерлан Даулетұлы Стамбеков;

5) Алматы қаласы, №5 сайлау округі бойынша - Бақытжан Жұмабекұлы Базарбек;

6) Шымкент қаласы, №6 сайлау округі бойынша - Данабек Ержанович Исабеков;

7) Шымкент қаласы, №7 сайлау округі бойынша - Болатбек Нажметдинұлы;

8) Абай облысы, №8 сайлау округі бойынша - Нұртай Салихұлы Сабильянов;

9) Ақмола облысы, №9 сайлау округі бойынша - Айна Ермекқызы Мысырәлімова;

10) Ақтөбе облысы, №10 сайлау округ бойынша - Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев;

11) Алматы облысы, №11 сайлау округі бойынша - Ардақ Құттықожаұлы Назаров;

12) Алматы облысы, №12 сайлау округі бойынша - Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов;

13) Атырау облысы, №13 сайлау округі бойынша - Әділ Орынбасарұлы Жұбанов;

14) Батыс Қазақстан облысы, №14 сайлау округі бойынша - Абзал Темірғалиұлы Құспан;

15) Жамбыл облысы, №15 сайлау округі бойынша - Мукаш Зулкарнаевич Искандиров;

16) Жамбыл облысы, №16 сайлау округі бойынша - Гульдара Алданышевна Нурумова;

17) Жетісу облысы, №17 сайлау округі бойынша - Руслан Садуақасұлы Қожасбаев;

18) Қарағанды облысы, №18 сайлау округі бойынша - Кудайберген Бексултанов;

19) Қарағанды облысы, №19 сайлау округі бойынша - Арман Қобыландыұлы Қалыков;

20) Қостанай облысы, №20 сайлау округі бойынша Еркін Аманжолұлы Әбіл;

21) Қызылорда облысы, №21 сайлау округі бойынша - Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов;

22) Маңғыстау облысы, №22 сайлау округі бойынша - Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин;

23) Павлодар облысы, №23 сайлау округі бойынша - Жаркынбек Амантай;

24) Солтүстік Қазақстан облысы, №24 сайлау округі бойынша - Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мәмбетов;

25) Түркістан облысы, №25 сайлау округі бойынша - Қайрат Рахымұлы Балабиев;

26) Түркістан облысы, №26 сайлау округі бойынша - Ұласбек Сәдібеков;

27) Түркістан облысы, №27 сайлау округі бойынша - Темір Базарбайұлы Қырықбаев;

28) Ұлытау облысы, №28 сайлау округі бойынша - Ерболат Жалғасбайұлы Сатыбалдин;

29) Шығыс Қазақстан облысы, №29 сайлау округі бойынша - Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов.

Айта кетейік, бірмандатты округтер бойынша сайлауға түскен 104 үміткерге сайлау жарнасы қайтарылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

"Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5%-дан аз дауыс жинады.

Бірден айтайын, сайлау жарнасы 2 партияға да қайтарылады: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады.

Өзге партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді", - деді Сәбила Мұстафина.

Бірмандатты округтер бойынша сайлауға қатысқан үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуге тиіс.