08 қаң, 2021 сағат 13:43

Бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқарды

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтердің мерзімі оңтайландырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізілген. 

Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету мерзімдері қысқарды: 

˗ салықтық өтініш бойынша салық декларациясын кері қайтару - салықтық өтініш берілген күннен бастап 1 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні); 

˗ салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру - бір жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 3 жұмыс күні); 

- әділет органдарының талабы бойынша қарыздың болмауы (болуы) туралы ақпарат - үш жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 5 жұмыс күні); 

- салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, пайыздарды есепке алу/қайтаруды жүзеге асыру - 5 жұмыс күніне дейін (бұдан бұрын 10 жұмыс күні).