#
#
Сенбі 19/09/2020

Бірінші жартыжылдықта мемлекет келтірілген 21,1 млрд теңге экономикалық шығын өтелді

  • 06.08.2020
  • 0
  • 256

Бірінші жартыжылдықта Қаржы мониторингі комитеті 743 қылмыстық істі тергеді, оның 560-ы мәні бойынша сотқа қарауға жолданды. Бұл туралы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Ж.Қ.Элимановтың қатысуымен өткен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңесте айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Осы қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 38,4 млрд теңгені құрады, оның шамамен 32 млрд теңгесі мемлекетке келтірілген залал. Мемлекет кірісіне 21,1 млрд теңге өтелді, 9,6 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

Тағы бір басты бағыт ретінде қаржы пирамидаларымен (29 қылмыстық іс тіркелген), заңсыз ойын мекемелерімен (117 қылмыстық іс, 160 орын жойылған), сондай-ақ, жалған ақша жасаумен (161 іс) күрес мәселесі болып табылады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар