29 мау, 2020 сағат 19:52

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Нұр-Сұлтан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Медициналық мүлік Қазақстан Қорғаныс министрлігіне БАӘ Қарулы Күштерінің қолбасшылығы арқылы беріліп, әскери бортпен жеткізілді. 

Елімізге қайтарымсыз негізде медициналық қорғау костюмдері, маскалар, қолғаптар және дезинфекция құралдары берілді. Жүктің жалпы салмағы 17,7 тоннаны құрайды.

Гуманитарлық көмек өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі болып табылады. Күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық қашықтығына қарамастан өзара көмекке жүгінеді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.