25 қыр, 2020 сағат 07:31

Бір тәулікте пневмония бойынша 231 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері 31991 адам дертке шалдығып, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26914 жетті.