Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан - 80, ковидтік пневмониядан 21 адам қайтыс болды.
30 шілдедегі мәлімет бойынша, 93 580 адам коронавирус инфекциясынан (91 133+ және 2 447 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 26 408 пациент стационарда, 67 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлгінің баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 639 адамның жағдайы ауыр;
345 пациенттің жағдайы өте ауыр;
180 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Осыдан бір күн бұрын 97 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.
