15 қаз, 2020 сағат 07:00

Бір тәулікте 159 адам пневмонияға шалдығып, бір науқас көз жұмды

2020 жылғы 15 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 35 393 адам дертке шалдығып, 374 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 060 жетті.