21 қаз, 2020 сағат 07:31

Бір күнде коронавирус пневмониясына шалдыққан 220 адам анықталды

20 қазанда Қазақстанда 220 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 79 адам жазылып, пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпараты бойынша, 1 тамыздан бері 36 200 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 28 318 адам жазылған, 388 адам қайтыс болған.

Елімізде коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталғандар мен клиникалық белгілері бойынша коронавирусқа шалдыққандар (коронавирус пневмониясы) есебі бөлек жарияланып жатыр.

20 тамызда коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирустан барлығы 1803 адам көз жұмған.

Қазір 2 662 адам коронавирустан емделіп жатыр, 181-і - бала. Стационарда - 2 145 адам, амбулаторлық жағдайда 517 адам емделіп жатыр. 91 адамның жағдайы - ауыр, 10 адамның жағдайы - өте ауыр, 13 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.