30 қаз, 2020 сағат 06:30

Бір күнде коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 195 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 2 адам қайтыс болды. Бір күнде 28 адам жазылды.

1 тамыздан бері Қазақстанда 37 574 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, содан бері 399 адам қайтыс болған, 28 687 адам жазылған.

Бұл – коронавирус жұққаны ПТР-тестімен дәлелденбеген, бірақ клиникалық белгілері бойынша Covid-ке ұқсас науқастар есебі.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 4 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері қайтыс болғандар саны 1844 адамға жетті.

Қазір 3461 адам коронавирустан емделіп жатыр, 313-і – бала. 135 науқастың жағдайы ауыр, 9 адамның жағдайы өте ауыр, 16 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 149 066 адам болады.