Фото: Абай облысы әкімдігінің ресми парақшасынан
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астық жинау науқынының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» «Sputnik Қазақстанға» сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 26,5 млн тонна астық бастырылды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы “Ақ-Жер 210” шаруа қожалығы бір гектардан 42,5 центнер жинады. Қостанай облысында “Сарыколь Агро” шаруа қожалығы - 40 центнер, ал Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы “Свободное” шаруа қожалығы бір гектардан 35 центнер өнім алды.
Жалпы республика бойынша орташа есеппен бір гектардан 16 центнер жиналып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 10,3 центнер болған.
“Жоғары өнімділікке қолайлы ауа райы жағдайлары мен агротехнологияларды дұрыс қолдану, яғни сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды енгізу және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді”, - деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, негізгі астық егетін өңірлер - Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қостанай облыстарынан оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары өнімділік тіркеліп отыр.