09 там, 2021 сағат 14:17

Бір аптада Қазақстанда 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді


Бір апта ішінде Қазақстанда 3268 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2217 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 41 тонау және 522 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ораз онлайн брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталғанын айтты.

Сонымен қатар Түсіпов жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты проблеманы айтты.