20 қыр, 2021 сағат 12:14

Бір аптада елімізде 3 мыңнан аса қылмыс жасалды - ІІМ


Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 190 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің дерегінше, өткен апта ішінде республика аумағында 3 190 қылмыс жасалған. Оның 2 166-сын құқық қорғау органдарының қызметкері бір тәуліктің ішінде әшкерелеген. 

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 34 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.