23 қар, 2020 сағат 08:28

Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз соңғы аптадағы қылмыс фактілерін баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен аптада елімізде 3139 қылмыс жасалды, оның ішінде 2081 қылмыс бір тәулікте ашылды. Полиция қызметкерлері 12 адам өлтіру және 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зақым келтіру оқиғасын, 4 тонау мен 486 ұрлық фактісін ізін суытпай анықтады», - деді ресми өкіл министрлікте өткен онлайн брифингте.