Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 жаңа штамдарының пайда болуына байланысты вакцинаның үшінші дозасы қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды WTRF порталы.
Бұл туралы кәсіпкер америкалық CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты. Миллиардер мұндай болжамдарды вакциналар Оңтүстік Африка мен ұлыбританиялық штамдардың алдын алуда тиімсіз болғандықтан айтты. Гейтстің сөзінше, АҚШ-та қазір вакцина болашағы туралы сұрақтар талқыланып жатыр.
"Екі рет егілген адамдарға үшіншісі қажет болуы мүмкін. Менің ойымша, коронавирустың бұл штамдары елге жеткенде, олардан қорғалатынымызға сенімді болу үшін бізде вакцинаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін", - деді Гейтс.