Білім және ғылым министрлігі ұстаздар мен ата-аналарды, жалпы көпшілік қауымды «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасын бірлесіп талқылауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінде заң жобасы әзірленіп жатыр. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында сөз болған жаңа заң мұғалім мәртебесін көтеруді көздейді. Заң ұстаздар қауымының жүктемесін азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс. Осы ретте мектеп мұғалімдері мен ЖОО, колледж оқытушыларын, ата-аналар қауымы мен осы мәселеге қызығушылық танытқан тұлғаларды заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз» делінген хабарламада.
Заң жобасына қатысты ұсыныстар болса, bilimdiel.project@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады. Заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар мына жерде және ҚР БҒМ ресми сайтында жарияланған. Ал «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасының тұжырымдамасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
«Құрметті мұғалімдер, оқытушылар және қымбатты ата-аналар! «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылау барысында белсенділік танытуларыңызды сұраймыз. Өйткені жаңа Заңның қабылдануы білім беру саласының болашағы үшін өте маңызды», - дейді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.