16 қаз, 2018 сағат 11:30

Білім министрі: Алдағы жылы колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап колледждерде оқу мерзімі қысқаратынын мәлімдеді, деп жазады Baq.kz агенттігі.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап, колледждердегі студенттер бұрынғыдай 4 жыл емес, 2 жыл оқиды екен.

«Келе жылдан бастап колледждерде оқу мерзімі қысқарады. Яғни колледждердегі оқу бағдарламасының кредиттердің саны жоғары оқу орнына беріледі. Нәтижесінде колледж студенттері бұрынғыдай 4 жыл емес, 3-2 жыл ғана оқиды», - деді министр журналистерге Үкімет отырысынан шыққан соң.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев келесі жылдан бастап ҰБТ-ны бірнеше рет өткізілетінін хабарлады.