17 қар, 2016 сағат 07:30

Бигелді Ғабдуллин тұтқындалды

- 16 қараша күні Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты Бигелді Ғабдуллинді тұтқындау шарасын қабылдады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.    

Еске сала кетейік, Ғабдуллин «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған болатын.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.