Фото: Ult.kz
BI Group компаниясына тиесілі Бигвилль Arena City-де вибродинамикалық сынақ жүргізілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Вибродинамикалық сынақ – бұл құрылыс нысандарының діріл әсерінен қалай әрекет ететінін тексеру және талдау әдісі. Басқаша айтқанда, бұл жер сілкінісін имитациялау. Мұндай сынақтардың көмегімен құрылысшылар мен жобалаушылар ғимараттың сапасын бағалап, жүктемелердің күш сызықтарын бақылап, нысанның мықты және әлсіз жақтарын анықтайды.
Сынақ ғимараттың сейсмикалық толқындар әсерінен қалай әрекет ететінін көруге мүмкіндік береді. Арнайы датчиктер арқылы жиналған сынақ нәтижелері құрылымның сенімділігі туралы құнды ақпарат береді, сондай-ақ сейсмикалық белсенді аймақтарда құрылыс үшін ең қолайлы материалдар мен технологияларды қолдануға көмектеседі.
Бигвилль Arena City-де вибродинамикалық сынақ журналистер мен блогерлердің қатысуымен өтті. БАҚ өкілдері үйдің сейсмикалық төзімді екеніне тікелей көз жеткізді.
6 қабатты ғимарат сейсмикалық қаншалықты төзімді екенін тексеру үшін 0.42g жүктеме қолданылды, бұл шамамен 8-9 балл жер сілкінісі. Шамамен 5 минутқа созылған тербелістен ыдыс-аяқтар құлағаны болмаса, ғимаратқа еш зақым келген жоқ. BI Group бұл сынақты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандарымен бірлесе жүргізгенін атап өткен жөн.
Фото: Ult.kz
Қалашықтың құрылыс технологиясыны келсек, топырақ түрі сейсмикалық қасиеттері бойынша III (үшінші санат) санатқа жатады. Құрылыс алаңының сейсмикалық белсенділігі – 10 балл.
Іргетастың негізі ретінде топырақ-цемент элементтері (DSM бағандары – диаметрі 1 м, ұзындығы 5-10 м) қолданылады. Бағандар тығыз әрі сенімді топыраққа тіреледі. Іргетасы – монолит темірбетон плита.
Негізгі қаңқа ретінде сейсмикалық әсерлерге төзімділігі жоғары ең сенімді жүйе болып табылатын көлденең-қабырғалық жүйе тұрғызылған.
Көлденең-қабырғалық жүйе бойлық және көлденең тіреу қабырғалармен ұсынылған, оларға плиталар контур немесе үш жағы бойынша тіреледі. Барлық тік тіреу конструкциялар монолитті темірбетон іргетасқа бекітіліп, плиталар және жабын түріндегі көлденең дискілермен біріктірілген.
Құрылыс конструкциялары "Лира САПР 2022" бағдарламалық-есептеу кешенінде есептеліп, ҚР ҚН 2.03-30-2017* "Сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу" нормалары мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ әзірлеген сейсмикалық аймақта жобалауға арналған арнайы техникалық шарттарға (АТШ) сәйкес жобаланған.