02 там, 2021 сағат 11:08

БҒМ қашықтан оқыту форматы туралы қауесетті жоққа шығарды


Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматында болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, "білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан басталатынын айтты" деген ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

"Бұл ақпарат жалған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитария дәрігері және өңірлердің бас санитария дәрігерлері қабылдайды", - деді БҒМ өкілдері.