25 мам, 2022 сағат 13:32

БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды


Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған. 2008-2009 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. 2011-2017 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болған. 2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ал 2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарған.