Бейжіңде Абай Құнанбайұлының қытай тіліне аударылған екі томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аударманың авторы – ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты Акбар Мәжит. Ол оннан астам кітаптың авторы, сондай-ақ Абайдың өлеңдерін, поэмаларын және «Қара сөздерін» тәржімалаған.
Тұсаукесерге қатысушылар аудармашының қолтаңбасын алды.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай оқулары» өткізіліп, ҚХР-дағы ҚР елшілігінің ғимаратында «Абай мұрасы» залы ашылған болатын.