08 там, 2020 сағат 23:14

Бейруттегі наразылық: Полиция демонстранттарды министрлік үйлерінен қуып шықты

Ливан астанасын Бейрутте полиция мен әскери жасақ сенбі, 8 тамыз күні кешке бірқатар үкімет ғимаратынан демонстранттарды қуып шықты. Олар жаппай қарсылық акциясы кезінде ғимараттарды бірнеше сағатқа басып алған. Осыған дейін демонстранттардың сыртқы істер министрлігінің, экономика және энергетика министрліктерінің ғимараттары мен Ливан банктері қауымдастығының штаб-пәтерін басып алғаны хабарланған. Наразы топ СІМ ғимаратын «революция штабы» деп жариялаған. Полиция мен әскери жасаққа қарсы қақтығыста жүздеген адам жарақаттанып, ауруханаға түсті. Бір полицейдің қайтыс болғаны хабарланды. Полиция мен әскери жасақ көзді жасаурататын газ бен резеңке оқ пайдаланған. Әскери оқтың атылғаны да хабарланды. Қазір кімнің атқаны тергеліп жатыр. Бейрут орталығындағы жаппай тәртіптсіздік қаладағы 4 тамыз күні болған жарылыстан кейін басталды. Ол күні қала жойқын жарылыс болып, кемі 158 адам қайтыс болған, 6 мың адам жарақаттанған. Жүздеген үй қираған және өте қатты зақымданған. Алдын ала белгілі болған ақпаратқа сәйкес, порт қоймасындағы аммиак селитрасы жарылған. Селитраның үлкен көлемі бірнеше жыл бұрын кемелердің бірінен кәмпескеленген. Мамандардың есептеуінше, жарылыс қуаты тратил эквивалентімен бірнеше мың тонна құраған. Бейрутте жарылыс салдарынан қайтыс болғандарды еске алуға арналған митинг болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Наразылар билікті және саясаткерлерді жемқор және біліксіз деп айыптады. Бүгін, 9 тамыз күні БҰҰ-ның ұйымдастыруымен Ливанға көмек көрсету мәселесін қамтитын онлайн-конференция өтіп жатыр. Алдын ала хабарланғандай оған Франция президенті Эммануэль Макрон, АҚШ президенті Дональд Трамп қатысуы керек болған. Макрон Бейруттегі жарылыс орнына барып, жарылыс салдарымен жеке танысты. Франция да, АҚШ та Ливан билігін саяси реформа жүргізуге шақырды. AFP агенттігінің хабарлауынша, бірқатар араб елі Ливанға қаржылау көмек көрсету идеясына скептикамен қарайды. Олар Ливан саяси жүйесінде ираншыл «Хезболла» тобының ықпалы жоғары деп алаңдайды. Қаржылай көмек қажет адамға жетпей қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Мұндай алаңдаушылықты Макрон да білдірді.

Ливан астанасын Бейрутте полиция мен әскери жасақ сенбі, 8 тамыз күні кешке бірқатар үкімет ғимаратынан демонстранттарды қуып шықты. Олар жаппай қарсылық акциясы кезінде ғимараттарды бірнеше сағатқа басып алған.

Осыған дейін демонстранттардың сыртқы істер министрлігінің, экономика және энергетика министрліктерінің ғимараттары мен Ливан банктері қауымдастығының штаб-пәтерін басып алғаны хабарланған. Наразы топ СІМ ғимаратын «революция штабы» деп жариялаған.

Полиция мен әскери жасаққа қарсы қақтығыста жүздеген адам жарақаттанып, ауруханаға түсті. Бір полицейдің қайтыс болғаны хабарланды. Полиция мен әскери жасақ көзді жасаурататын газ бен резеңке оқ пайдаланған. Әскери оқтың атылғаны да хабарланды. Қазір кімнің атқаны тергеліп жатыр.

Бейрут орталығындағы жаппай тәртіптсіздік қаладағы 4 тамыз күні болған жарылыстан кейін басталды. Ол күні қала жойқын жарылыс болып, кемі 158 адам қайтыс болған, 6 мың адам жарақаттанған. Жүздеген үй қираған және өте қатты зақымданған. Алдын ала белгілі болған ақпаратқа сәйкес, порт қоймасындағы аммиак селитрасы жарылған. Селитраның үлкен көлемі бірнеше жыл бұрын кемелердің бірінен кәмпескеленген. Мамандардың есептеуінше, жарылыс қуаты тратил эквивалентімен бірнеше мың тонна құраған.

Бейрутте жарылыс салдарынан қайтыс болғандарды еске алуға арналған митинг болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Наразылар билікті және саясаткерлерді жемқор және біліксіз деп айыптады.

Бүгін, 9 тамыз күні БҰҰ-ның ұйымдастыруымен Ливанға көмек көрсету мәселесін қамтитын онлайн-конференция өтіп жатыр. Алдын ала хабарланғандай оған Франция президенті Эммануэль Макрон, АҚШ президенті Дональд Трамп қатысуы керек болған. Макрон Бейруттегі жарылыс орнына барып, жарылыс салдарымен жеке танысты. Франция да, АҚШ та Ливан билігін саяси реформа жүргізуге шақырды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, бірқатар араб елі Ливанға қаржылау көмек көрсету идеясына скептикамен қарайды. Олар Ливан саяси жүйесінде ираншыл «Хезболла» тобының ықпалы жоғары деп алаңдайды. Қаржылай көмек қажет адамға жетпей қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Мұндай алаңдаушылықты Макрон да білдірді.