Ресей Қазақстанның ірі инвесторларының «жетілігіне» кіріп отыр. Қазақстан мен Ресейдің жалпы сомасы 2,7 млрд долларды құрайтын бірлескен 16 инвестициялық жоба бар. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов осылай мәлім етті.
«Ресей Федерациясы Қазақстанмен сыртқы сауда айналымында 19 пайызды алып отыр. 2018 жылдың қорытындылары бойынша бізде өзара тиімді сауданың өсімі байқалған. Қаңтар-қараша айларындағы айналым 15,7 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға көп», - деді Б.Атамқұлов.
«Ресей Федерациясы - Қазақстан экономикасының ірі жеті инвесторының қатарында. Қазіргі кезде Қазақстан мен Ресейдің жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларды құрайтын бірлескен 16 инвестициялық жобасы бар. Бұл түрлі салалар - тау-металлургия және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және машина құрылысындағы жобалар», - деп атап өтті ол.