ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын алдын-алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
- Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:
- бетпердені тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет;
- коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.
Айта кету керек, бұл мәселе - барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.