Соңғы екі айда елімізде 24 балықшы суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қостанай облысы, Жетіқара қаласында үш бала тоғанға барып, мұз астына түсіп кеткен. 1954 жылғы азамат, балаларды мұз астынан алып шыққан. Өкініше қарай, қатты үсік шалған үш баланың екеуін құтқару мүмкін болмады. Бұл - жалғыз болған қайғылы жағдай емес. Солтүстік Қазақстан облысында да екі бала мұз астына кетіп, олардың қасындағы батыл адам оларды мұз құрсауынан алып шыққан», - дейді Владимир Беккер.
Оның айтуынша, бастарын қауіп-қатерге тігіп, балаларды ажалдан арашалап қалған екі азамат марапатталған.
«Мұз қалыңдығы 10-15 см болғанша, үстімен жүріп тәуекел етуге болмайды. 1 қыркүйектен бері еліміз бойынша аулауға кеткен 24 адам суға басқан. Мұның бәрі қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуды», - дейді Комитет төрағасы.
Еске салсақ, Қостанай облысының Жітіқара қаласында екі кішкентай бала мұз астына түсіп кетіп, көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.