23 қар, 2018 сағат 13:29

Берік Арын: Сақалдың өлшеніп-өлшенбейтінін болашақта талқылаймыз

Адамның деструктивті діни ағымда жүргенін білдіретін сыртқы атрибуттар тиісті заң қабылданғаннан кейін анықталады. Бұл туралы бүгін қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мәлімдеді, деп хабарлайды 

Айта кетсек, осы жылдың қыркүйегінде сенат бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заң жобасын мәжіліске кері қайтарған болатын. 

"Жалпы, бұл заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Алайда сенат жастардың шетелде діни білім алуына қатысты бір-екі ұсыныс енгізіп, құжат мәжіліске кері қайтарылды. Бірақ онда бет-әлпетті тұмшалайтын киімге қатысты норма сақталып отыр", — деді Арын Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен келешегі" Қазақстан дінтанушыларының VIII форумында.

Оның айтуынша, бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін атрибуттар тек дін жағынан емес, қауіпсіздік жағынан да маңызды. 

"Мәселен, адам көшеге бетін тұмшалап шықса, ол күдік тудырады ғой. Оның мақсаты қандай деп ойланасыз?", — дейді вице-министр. 

Арын деструктивті діни ағымдарға жататынын білдіретін киім-кешек үлгілері тиісті заң қабылданғаннан кейін анықталатынын атап өтті. 

"Оны қоғамдық даму министрлігі қауіпсіздік органдары және ішкі істер министрлігімен бірлесіп дайындайды", — деді ол. 

Тіпті сақалдың өлшеніп-өлшенбейтіні де талқыға салынбақ.

"Сақал сантиметрмен өлшене ме, жоқ па, оны кейін болашақта талқылаймыз. Арнайы сарапшыларды, елімізде ресми тіркелген діни бірлестік өкілдерін тартамыз. Солардың пікірін ескере отырып дайындаймыз", — деді Арын.