27 қаз, 2016 сағат 13:10

Бергейдің «банкирлері» шетелге жарты миллиард доллар алып кеткен

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бүгін баспасөз өкілдерімен кездесу өткізіп, шетел асып кеткен қазақ қаржысы туралы айтып берді. Әңгіме барысында бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің сыбайластары жымқырған қаржы да сөз болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Мысалы үшін айтайық, бұнда тергеу амалдары жүріп жатқанда, Атырау облысының бұрынғы әкімінің есепшілері, ұрланған жарты миллиард доллар ақшаны шетел асырып үлгерген. Өздері де қашып кетіп, қазір Англияда тып-тыныш өмір сүріп жатыр», - деді Жақып Асанов.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев мемлекеттің ақшасын жымқырды деген айып тағылып, 2014 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Негізгі жауапты тұлғалар нақты ұсталмағанымен, сырттай сот болып, жаза кесілген болатын. Алайда, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев те, оның ағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиев те күні бүгінге дейін халықаралық іздеуде.