Бүгін ҚР Жоғарғы соты Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің ісіне қатысты Бас прокуратураның кассациялық қарсылығын қанағаттандырды. Нәтижесінде барлық тәркіленген мүлік бұрынғы әкімнің отбасына қайтарылатын болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз жетекшісі Айдос Сәдуақасов та растады. «Иә, шынымен де бүгін Жоғарғы сот Бас прокуратураның касациялық қарсылығын қарастырып, қанағаттандырды», – деді ол.
Мамыр айының соңында Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Бергей Рысқалиев пен оның ағасының мүлігін тәркілеу бөліміне қатысты үкімін қайта қарастыру үшін Жоғарғы сотқа кассациялық қарсылық түсірген болатын.
Айта кету керек, 2008 жылдан бері Рысқалиев, Алқабасов және Ізбасар бюджет қаржысына ірі көлемде шығын келтіргені үшін айыпталып, істі болған еді. Алайда, сот бас прокурордың түсініктемесіне сүйеніп, 2008 жылға дейін атында болған мүлігін тәркілеген.
Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдар арасында Атырау облысының әкімі болды. Ал оның ағасы Аманжан мәжілісте депутат еді. 2013 жылы Қаржы полициясы оларға қарсы қылмыстық іс қозғап, әртүрлі қылмыстық айып тағып, сырттау үкім шығарды.