10 қар, 2020 сағат 07:02

Бельгияда коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

Антверпен қаласындағы Пуурс муниципалитетіндегі америкалық Pfizer фармацевтикалық тобының бельгиялық филиалы COVID-19-ға қарсы вакцинаны шығару үшін таңдалған екі орынның бірі болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүйсенбі күні Pfizer және BioNtech кәсіпорындары коронавирусқа қарсы өздері әзірлеген вакцина сынақтарының үшінші кезеңінің (бұл мақұлдауға өтініш берудің соңғы кезеңі) алғашқы аралық талдауынан кейін 90% тиімді екенін жариялады. Оны әзірлеушілер 2021 жылы 1,3 миллиард доза вакцина жеткізуді жоспарлап отыр. 

Денсаулық сақтау органдарының мақұлдауын күтіп отырған вакцина қазірдің өзінде Бельгиядағы Puurs кәсіпорнында және АҚШ-тың Мичиган штатында шығарылып жатыр. 

«Біз қазірдің өзінде екі кәсіпорында жүз мыңдаған доза шығардық», - деп растады Бельгиядағы Pfizer өкілдігінің қызметкері Коен Кольпаерт.