06 қаз, 2024 сағат 18:18

Белгілі жазушы Серік Асылбекұлы: «Референдум - азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндігі»


Белгілі драматург әрі жазушы Серік Асылбекұлы Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.Ол референдумның демократия құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

«Референдум - бұл азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндігі. Еліміздің болашағы қандай болатынын біз өзіміз шешеміз. Бүгін келіп, дауыс бердім. Бұны өзімнің азаматтық борышым деп санайтмын», - деп атап өтті Серік Асылбекұлы.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі сағат 20.00-ге дейін ашық болады.