2021 жылдың 20 шілдесінде белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Орталық мәліметі бойынша, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі. Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.