Беларусь республикасының Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,23% дауыс жинаған.
Комиссияның мәліметінше, сайлаушылардың 9,9%-ы Светлана Тихановскаяға, 1,68% Анна Канопацкаяға, 1,04% Андрей Дмитриевке, 1,13%-ы Сергей Череченьге, ал 6,02%-ы барлық үміткерге қарсы дауыс берген.