БелТА ақпарат агенттігі 29 желтоқсанда Беларусь аумағына Украина жақтан С-300 ракетасы құлағанын мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, бұл - Украина ракетасы.
Ракетаның құлағаны бірден Александ Лукашенкоға хабарланған, ол тергеу комитеті мен қорғаныс министрлігіне оның құлау себебін анықтауды тапсырған.
Ал Беларусь қорғаныс министрлігі ракета қалдықтары Брест облысы Иванов ауданы Горбах ауылының маңынан табылды деп отыр. Министрлік ракета Украина аумағынан жіберілген деп санайды.
Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Киев Минскінің мәлімдемесіне қатысты ештеңе деген жоқ.
29 желтоқсанда Киев Ресей Украина аумағын тағы да ракетамен жаппай атқылағанын хабарлады.
Лукашенко басқарып отырған Беларусьтің қазіргі билігі Украинаға басып кірген Ресейдің басты одақтасы саналады.