29 қар, 2020 сағат 12:52

Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан чемпионатында топ жарды

Шымкент қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында тартысты жекпе-жектің бірі 81 кг салмақта маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулет пен елордалық Нұрбек Оралбайдың арасында болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Б. Нұрдәулет 2019 жылғы әлем чемпионы болса, 20 жастағы қарсыласы да осал емес.

Н.Оралбай жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған еді. 

Бұл бәсекеде бес төреші түгелдей жеңісті Бекзатқа берді.

Б.Нұрдәулет жекпе-жектен кейінгі сұхбатында елімізде жас боксшылардың қаулап өсіп келе жатқанын жеткізді.

57 кг салмақта тартысты жекпе-жекте павлодарлық Серік Теміржанов ақмолалық Оразбек Асылқұловты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. 

60 кг салмақта финалда маңғыстаулық Саматәлі Төлтаев пен шығысқазақстандық Бекнұр Ожанов жұдырықтасты. Мұнда С.Төлтаевтың мерейі үстем болды.

Ерлер арасында финалдық жекпе-жектер одан әрі жалғасуда.