22 шіл, 2020 сағат 18:25

Бекшин тұмаудың да қауіпті екенін ескертті

Маусымдық тұмау алдында оған қарсы екпе алу керек пе және ол коронавирусқа қалай әсер етеді деген сұрақтарға Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ЖРВИ мен тұмауға коронавирус инфекциясы қосылса, жағдай өте қиын болады. Біз жедел зертханалық кешенді талдау жасау сұрақтарын қарастырып жатырмыз. Қазір жаңа технологиялар пайда болды. Оларды дер кезінде енгізу үшін уақытымыз бар. ЖРВИ мен тұмаумен ауырғандар санын азайту үшін, тұмауға қарсы вакцинация жасау керек», - деді Бекшин. 

Ол коронавирус инфекциясы тәрізді жедел респираторлық және вирустық инфекция кезінде де адамдардың көз жұму жағдайларының болатындығын ескертті.

«Сол себепті бізге жүйелі жұмыс жүргізу керек. Біз бұл мәселелерді талқылап, коронавируспен қатар, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын қарастырып жатырмыз. Бірінші бөлікті жою үшін вакцинация жасау керек. Егер бірінші адам тұмаумен ауырып, оған кейін коронавирус қосылса, иммунитет көтере алмайды. Сол себепті біз жақсы вакцинация жасауға дайындалуымыз керек. Егер коронавирус инфекциясы тұмаудың үстіне қосылса, кез келген ағзаның екі соққыға шыдауы қиын болады», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.