12 шіл, 2021 сағат 20:16

Бекшин коронавирустың екі штамын жұқтыру мүмкіндігі туралы айтты


Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирустың екі штамын бір уақытта жұқтыру мүмкін бе? деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әрине, теориялық тұрғыдан бұл мүмкін, бірақ мұны анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу қажет. Біз Алматы қаласы мен басқа аймақтарда 150-ге жуық зерттеу жүргіздік, бірақ мұндай жағдай тіркеген жоқ. Бір жасушадағы екі патоген. Теориялық тұрғыдан бұл мүмкін», - деді Жандарбек Бекшин.