30 сәу, 2021 сағат 20:49

«Bek Air» ұшағының апаты: Прокурор айыпталушыларды бас бостандығынан айыруды сұрады


Алматы облысының Талғар аудандық сотында әуежай маңынан заңсыз жер берген экс-шенеуніктердің ісі қаралып жатыр.

Бүгін прокурор оларды 4 жылдан 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Алты адам сотталып жатыр. Оның бесеуі экс-шенеуніктер. Олар Рустам Тұрысбеков, Жарас Машимбаев, Берік Абдуллаев, Медеу Қалыбеков, Қайрат Алтынбекұлы және риелтор Нұрайым Алданиш. Риелтор қамауда отыр. Ал бұрынғы шенеуніктер үй қамақта. Бүгін аталған іс бойынша жарыссөз болды. Прокурор сотталушыларға келесідей жаза сұрады. Рустам Тұрысбековке - 6 жыл қауіпсіздік деңгейі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеуге және 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды, Жарас Машимбаевты - 4 жылға бас бостандығынан және оны да 7 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ Қайрат Алтынбекұлын 5 жыл бас бостандығынан айыруды және 6 жыл мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды. Медеу Қалыбеков - 4 жыл, Берік Абдуллаевқа - 4,5 жыл, ал реэлтор Нұрайым Алданишты 5 жылға бас бостандығынан ауыру жазасын сұрады. 

Прокурордың сөзінше, заңсыз тұрғын үйлерді салу бойынша сотталушылардың кінәсі құжатпен дәлелденген және куәгерлердің де дәлелі бар. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы барлық үйқамақта отырған бұрынғы шенеуніктерді сот залында қамауға алуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27- желтоқсаныңда «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ биіктікті сақтай алмай, бетон қоршауын бұзып өткен. Артынша екі қабатты тұрғын үйге соғылды, 12 адам мерт болды, 69 адам зардап шекті. Оның 51-і ауруханаға түсті.