Алматы тұрғындарын түнгі аспандағы зымыран іздері таңғалдырды. Тұрғындар желіге түнгі аспанда түсірілген ерекше суреттерді желілерде жариялап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Белгілі болғандай, 10 шілде күні түнгі жергілікті уақытпен 03:51-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-09» жүк кемесі «Союз-2.1а» ракетасымен ұшты.
Роскосмостың Фейсбуктегі парақшасында зымыранның ұшу процесінің суреті мен видеосы жарияланған.
«Жүк кемесі 3 сағат 40 минутта Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті. «Прогресс МС-09» халықаралық ғарыш стансасына 2 тоннаға жуық жүк, оның ішінде отын, сығылған газ, «Орлан-МКС» скафандрын, ғылыми жұмыстарға арналған құралдар, медициналық дәрмектер жеткізді», - делінген парақшада.