Байқоңырда ғарыш айлағы алаңынан мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғандығы жөнінде арыз түсті. Полицейлер дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Аталған ұрлықты жасауға күдікті ретінде Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады.
«Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.