15 ақп, 2021 сағат 09:45

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-16» жүк кемесі ұшырылды

15 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:45-те «Прогресс МС-16» көліктік басқарылатын жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымырантасығышы ұшырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Зымыран орнатылған Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңында тікелей эфир стартқа 50 минут қалғанда басталды. 

Осы уақыт бойы Роскосмос телестудиясы көліктік кеменің даярлығы туралы бейнесюжеттер, ғарышкерлер және ғарыш саласының мамандарымен жүргізілген сұхбаттарды көрсетті. 

Ұшыру штаттық режимде өтті, тікелей репортаж жүргізушілері зымыран-тасығыш орнатылған сатылардың штаттық бөлімі туралы хабарлады. 

Старттың оныншы минутында «Прогресс МС-16» көліктік ғарыш кемесі Жер серігінің орбитасына шығарылды. 

Бұған дейін хабарланғандай, 12 ақпанда «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының старттық кешеніне шығарылып, орнатылды. 

Бүгін таңертең стартқа даярлық қорытындылары жөніндегі мемлекеттік комиссия «Союз-2.1а» зымырантасығышын отын құйып, ұшыру шешімін қабылдады. 

Бұл старт арқылы Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылғы ұшыру бағдарламасын бастады. 

«Прогресс МС-16» зымырантасығышының Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы екі тәуліктік кесте бойынша өтеді.